Шығынның орнын қалай толтырамын?

636
көрілім

- Жанымнан өте шыққан көлік қиыршық тас шашып көлігімнің алдыңғы терезесін сындырып кетті. Мен жол қызметінің көшелерді дұрыс тазаламауы салдарынан келтірілген зардапты тіркету үшін оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырттым. Полиция қызметкерлері хаттама толтырғанымен ол маған еш нәтиже бермеді. Бірнеше айдан соң жол полициясы құжаттарды қайтадан қайтарып берді. Жыл сайын осындай жағдайдан көптеген жүргізушілер зардап шегіп жатады. Мұндай кезде кінәлілерді қалай жауапкершілікке тарттыруға болады?

Айболат Р., Глубокое ауданы

Сіздің сұрағыңызға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы комитеті былай деп жауап берді:

- Жол қызметі салдарынан келтірілген материалдық шығынның орнын толтыру үшін егер белгілі бір мекеме кінәсін мойындамай отырған болса азаматтық заңнама аясында сотқа шағым түсіре аласыз.