ҚР Энергетика вице-министрі өңірдің өндірістік әлеуетін ескеріп, маңызды жұмыстар шеңберінде есеп-қисаптар дұрыс шығарылуы тиістігін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, осы уақытқа дейін ел көлемінде 15 бассейн зерттелді.
– Оның ішінде, Шығыс Қазақстан – кен орны бассейні аз зерттелген аймаққа жатады. Осы бойынша Президент тапсырмасына сәйкес, бассейндері аз зерттелген облыстарға басым құқық беру ұсынылып отыр. Бұл «Жер қойнауын пайдалану» кодексіне өзгерістер енгізуді қажет етеді. Біз оны аукцион өткізу тәртібі арқылы біржақты етуді көздеп жатырмыз, – деді Асхат Ғалымұлы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ