Берілген мәліметке сенсек, қала тұрғындарының саны сәл артып, ауылда қара саны азайған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы жылдың маусымынан бастап облыс халқының саны 726,4 мың адамды құрады. Оның ішінде, қала тұрғындарының саны – 484,6 мыңға жетті.
– Ал ауыл тұғындарының саны – 241,8 мың адам. Осы жылдың қаңтарынан санағанда, облыс халқының саны 674 адамға азайды. Қала тұрғындары 0,1 пайызға артса, ауыл халқы 0,6%-ға кеміді. Облыста әйелдер саны ерлерге қарағанда басымырақ, – деді Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерназ Нұрланов.
Биыл ер-азаматтар саны 348 мыңды, әйелдер саны 378,4 мыңды құрады.
shyhys_kazakstan_halkynyn_sany_kansha
59