Шығыс Қазақстан облысында сейсмикалық штаб құрылды

229
көрілім
Фото:24.kz сайтынан

Шығыс Қазақстан облысы сейсмикалық қауіпті аумаққа жатады. Сондықтан Алматыдағы жағдайдан соң өлкедегі тиісті құрылымдардың жұмысы бұрынғыдан да күшейтілді. Аймақта арнайы штаб құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соңғы он жылда өлкеде 22 тербеліс тіркеліпті. Ал облыс тарихындағы ең жойқын жер сілкінісі 1990 жылы тіркелген. «Зайсан зілзаласы» деген атаумен есте қалған ол күні дүмпу күші 7-8 балға жеткен. 9 мыңға жуық үй қирап, мыңдаған адам баспанасыз қалған еді. Құлаған үй астында қалып қойған бір бала көз жұмған болатын. Соңғы жылдары облыста жер сілкінісін алдын ала анықтау, тіркеу бағытында бірнеше іс-шаралар қолға алынған. Мәселен, ғалымдар мен мамандар өңірдің сейсмикалық картасын жаңартты. Сонымен қатар қауіпті деген аудандарға жер асты толқынынан нақты хабар беретін құралдар орнатылды.