Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Отан» орденімен марапатталды

417
көрілім

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты «Отан» орденімен марапаттады, деп хабарлайды buqara.kz тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Отан» ордені 1993 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен белгіленген. Бұл орденмен азаматтардың экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы, мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы ерекше еңбегі еленіп, марапатталады. Дөңгелек пішінді орденнің ортасына Елтаңба бедерленіп, оның астында күннің шапақты сәулесіне ұқсас нақыш және айналдыра бидай масағын меңзейтін айшықпен көмкерілген. Елтаңба бейнесінің астында «Отан» деген жазуы бар.

Биылғы жылы бұл ерек орден Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа бұйырды. Еңбегі еленген екі әкімге «Отан» орденін Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев табыс етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы соттың жаңа төрағасы Жақып Асановты, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты, Әділет министрі Марат Бекетаевті, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті «Парасат» орденімен марапаттады.

Фотосурет – dknews.kz сайтынан алынды