Шығыс Қазақстан соя мен жүгеріні ҚХР-ға экспорттайды

367
көрілім

Өңірде өндірілетін экологиялық таза өнімдер елімізде ғана емес, шетелде де үлкен сұранысқа ие. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.
Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде негізгі басымдық мал шаруашылығына беріліп отыр. Бұл республикадағы ауыл шаруашылығы көрсеткішінің 62,3% құрайтынын атап өткен орынды. Сондай-ақ біздің облыс республика көлемінде бал, панты мен күнбағыс майын өндіру бойынша 1-орын, ет өндіру бойынша 2 орынды иеленіп отыр. Агроөнеркәсіптік кешенде өсімдік шаруашылығын экспорттауға басымдық берілуде. Ең алдымен, сояны шетелге шығару ісі жақсы жолға қойылған. Сарапшылар Қытай Халық Республикасындағы нарықта сояның тоннасын 97 млн теңгеге (60 млрд АҚШ доллары) бағаланатынын айтып отыр. Ондағы сояның өндіріс көлемі жеткіліксіз. Ал Шығыс Қазақстан ҚХР-мен шекараласып жатқандықтан сояны экспорттауға мүмкіндік алып отыр.  


Бүгінде біздің өңірде соя өндірісінің көлемін арттырып, экспортты ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек жүгеріні өсіруге де баса назар аударылуда. 2016 жылға дейін Қытайда жүгері көп өсірілді. Алайда 2017 жылдан бастап өндіріс көлемі төмендеп, 12,4 млн тоннаны құрады.  
Қазіргі күні Қытайда жүгеріге деген ішкі сұраныс артты. Нәтижесінде біздің тараптың өкілдері мен қытайлықтар арасында алыс-беріс артты. Жыл сайын ҚХР-ға 3 млнға жуық жүгері экспортталады. Қытайдың ішкі нарығындағы сұранысты өтеу үшін ШҚО-да 2020 жылдан бастап 10,2 мың гектар жүгері салынады. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 57 пайызға жоғары. Ал 2024 жылы 12,8 мың гектар егіледі (2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артады). Осылайша, жүгерінің жалпы өнім көлемі 32,1 мың тоннаны құрамақ.
- Біз соя мен жүгері көлемін арттыру мақсатында арнайы жоспар құрдық. Соған сәйкес 2024 жылы егіс алқабы 4,2 есеге артады. Нәтижесінде 6,5-тен 13 мың гектарға дейінгі аумақиа өнім егіледі. Немесе 5,5-тен 30 мың тоннаға дейін, экспорт көлемі 10 есеге артады. Ал өнім 1,5-тен 15 мың тоннаға дейін көбейеді. Жалпы соя мен жүгері егу жұмыстары облысымыз үшін ғана емес, республикалық стратегиялық маңызы бар екенін атап өткен орынды. Аймақта құнарлы жерлер мен қажетті құралдардың бәрі бар, - деді Даниал Ахметов.