Оқыс оқиғалар жеке тұрғын үйлерде пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биылғы жылыту маусымында жер үйлердегі пештердің ақауынан 10 адамға иіс тиді. Оның 8- і бала. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. Осы оқиғалардың негізгі себебі – тазартылмаған мұржалар, пештердің нашар жағдайы (жарықтар, т.б).
ШҚО ТЖД мамандары 100 000-ға жуық үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірген. Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы отбасыларға қауіпті газды анықтауға арналған 2000-нан астам арнайы датчик орнатылды.
- Рейд жүргізу кезінде 22000-нан астам үйде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғандығы анықталды. Барлық заңбұзушылықтың жартысынан жуығы пешті пайдалану кезінде немқұрайлық танытуға қатысты, - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.