Шығыс Қазақстан облысында бүгінде 14 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлім етті.
«Өңірде 20 ақпаннан бастап 1А санатындағы елдерден келген 79 адам карантиндік стационарға жатқызылған. Бүгінде оның 65-і шығарылды. Яғни, қазір карантинде 14 адам қалды. Олардың арасында Қытайдан, Италиядан, Германиядан және Оңтүстік Кореядан келгендер бар. Үйде 8 адам оқшауланған», - дейді ол.
Басқарма басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстанда бірде-бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген.
shyhys_kazakstanda_14_adam_karantinde_zhatyr
59