Шығыс Қазақстан облысында кардиолог, невропатолог, офтальмолог-дәрігерлердің тапшылығы сезілуде, деп хабарлайды Buqara,kz сайтының тілшісі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша әсіресе ауылдарда медицина қызметкерлері тапшы.
Бүгінде таңда облыста 27 кардиолог-дәрігер жетіспейді. Балалар дәрігерлері, оның ішінде невропатолог, офтальмологтар қажет. Маман тапшылығы салдарынан тұрғындар дәрігерлерге бір ай бұрын жазылуға мәжбүр.
«Дәрігерлер бір күнде кемінде 50 адамға дейін қарайды. Олардың әрқайсысын тыңдап, денсаулығын тексеріп, ем тағайындайды. Бұл әрине оңай емес. Сондықтан жастарды осы салаға тарту үшін мемлекет медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруде. 2025 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысы 550 мың болады», - дейді филиал басшысы Ғалымжан Әбілов.