Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт суытуына байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
12 желтоқсанда сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар тасжолдың 3 учаскесінде қоғамдық көліктердің және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысына тыйым салынды.
«Атап айтқанда, «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-102 шақырымында «Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында, «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында шектеу енгізілді», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ дәл осындай көлік түрлеріне облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 17-145 шақырымында, «Үлкен-Нарын-Күршім ауылы» тасжолының 0-135 шақырымында, «Шемонаиха-Секисовка» тасжолының 0-54 шақырымында, «Күршім-Қалжыр» тасжолының 0-131 шақырымында сағат 20.00-ден бастап қозғалысқа тыйым салынады.