Шығыс Қазақстанда балық аулауға тыйым салынды

164
көрілім
Фото: top-news.kz

Балық аулауға тыйым салынған аумақтарды Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясынан мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тыйым салынудың себебі - сиг балығының уылдырық шашуы мен шаянның көбеюі.
10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін балықтың осы түрлерін келесі учаскелерде аулауға тыйым салынған:
- Бұқтырма су қоймасы;
- Өскемен су қоймасы;
- Ертістен Өскемен су қоймасынан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі су қоймасынан Павлодар облысының әкімшілік аумағына дейін;
- Бұқтырма су қоймасында Құлынжон өткелінен төмен қарай Бұқтырма су электр стансасына дейін.