Облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Садықованың хабарлауынша, 2016-2017 оқу жылында Шығыс Қазақстанда 9077 оқушы мектеп бітіреді. Өткен жылмен (8379) салыстырғанда түлектер саны 698-ге артқан. 9077 мектеп түлегінің 8966-ы қорытынды аттестациялаудан өтсе, 111-і денсаулығына байланысты білім сынағынан босатылған. Зерттеу қорытындысы бойынша, мектеп бітірушілердің басым бөлігі техникалық және медициналық ғылымды таңдағаны анықталған.
11-сыныптың оқушылары үшін емтихан бес кезеңнен тұрады |
|
1 |
өзі оқитын тілде және әдебиеттен жазбаша емтихан тапсыру |
2 |
анализ бастамасы және алгебрадан жазбаша емтихан тапсыру |
3 |
Қазақстан тарихынан ауызша емтихан тапсыру |
4 |
қазақ мектептерінде орыс тілінен, орыс мектебінде қазақ тілінен тест тапсыру |
5 |
таңдаған пән бойынша емтихан тапсыру |
Мектеп бітірушілердің ішінде 6130-ы қазақ тілінде (68,4%), 2836-ы орыс тілінде (31,6%) түлеп ұшпақ. 8966 қорытынды емтиханнан өтушілердің 7414-і (72%) жаратылыстану-математика бағытын таңдаса, 1552-і (18%) білім сынағын гуманитарлық бағытта тапсырады.
Түлектердің басым бөлігі, яғни 36%-ы «биология» пәнін таңдап отыр. Физика пәнін таңдаушылардың үлесі – 26,5%, география – 16,2%, гуманитарлық бағытта – 17,1%.
Аян Өрібаев