Өткен демалыс күндері екі ер адам суға батып кеткен. Бірі Бұқтырма су қоймасында ажал құшса, екінші оқиға Глубокое ауданында тіркелген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- 15 маусым күні 1984 жылғы ер адам Бұқтырма су қоймасында шомылып жүргенде тұншыққан. Глубокое ауданының Степное ауылында да осындай жағдай орын алып, 1989 жылғы азамат жасанды котлаванда суға батып кеткен, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қаза болғандар суға шомылған кезде мас күйінде болған.