Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі сақталады

522
көрілім
Қар жамылғысының қалың болуы мен күннің жылынуына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 24-25 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қар көшкінінің жүруіне ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Таяу тәулікте 24 сәуірде болжанып отырған жаңбырға байланысты, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Мейрамбек ҚОСАЖАН