Шығыс Қазақстанда мал дәрігерлері жетіспейді

376
көрілім
Облыстағы ауылдық округтерде не бары 25 білікті мал дәрігері бар екен. Бұл мәліметтер ветеринарлық-санитарлық сараптама саласындағы жемқорлықты жою бойынша дөңгелек үстел отырысында хабарланды.
Отырыста аталған саланың бірқатар мәселелері талқыланды: мал дәрігерлерінің еңбекақысы төмен, мұғалімдер мен дәрігерлердегі сияқты көтерме ақылар қарастырылмаған, кез келген уақытта, кез келген ауа-райында шақырту алады, инфекция жұқтырған малмен байланысқа түсуге мәжбүр болады. Сол себепті, бұл мамандықты жастар таңдауға құлшынбайтын көрінеді. Мұндай қолайсыз жағдайда жұмыс істейтін кейбір ветеринарлар қызметтік жағдайын пайдаланып, жалған анықтама немесе ветеринарлық куәлік жасауы әбден мүмкін.
«Азаматтық бақылау» жобасының аясында жемқорлық әрекеті туралы 8 (7232) 57-89-56 нөмірі бойынша жедел желі телефоны арқылы хабарлауға болады.