Жыртқыштардың санын реттеу мақсатында 2016 жылы Шығыс Қазақстанда 388 қасқыр ауланды. Бұл туралы Buqara.kz сайтына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлады.
Басқармамен жыл сайын жыртқыш аңдардың – атап айтқанда, қасқырлардың санын реттеу бойынша жыл сайын жұмыс жүргізіліп жатыр. Басқарма мамандарының хабарлауынша, аң аулау кітапшасы және аң аулауға жолдамасы бар азаматтар аңшылықта және жолшыбай кездескен қасқырды атып алуына болады.
Әуесқой-аңшыларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік сыйақы ірі қасқырлардын басы үшін 12 000 теңге, бөлтірік үшін 6 000 теңге төленді.