Шығыс Қазақстан облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZке сілтеме жасап
Өскемен қаласында пәтерде жеке заттар мен кіре беріс ағаш есіктің 2 ш.м. алаңда жануы орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілер пәтер иесінің мысығын да түтінді пәтерден алып шығарды, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Төтеншеліктердің мәліметі бойынша, өрттензардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Сонымен қатар ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.