Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылдың алғашқы 9 күнінде 19 адам қызылша жұқтырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айынан бері өңір бойынша 19 адам қызылша жұқтырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 8, жасөспірім саны – 4.
«Сырқатқа шалдыққандардың 36 пайызы екпе алмаған және вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар. Осы ретте, халық арасында қызылшаның одан ары таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан. Соның аясында өткен жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина салынып жатыр», - дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.
Осы уақытқа дейін облыс бойынша 6-11 айлық 2885 бала, 2-4 жастағы 15 459 бала екпе алды. Сондай-ақ 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері арасынан 4084 адамға вакцина салынған.