Шығыс Қазақстанның аумағында динозаврлармен жастас палеонтологиялық ескерткіштің барын білесіз бе?

444
көрілім

Қиын-Керіш шатқалы «Кербез сұлулық» деген мағынаны білдіреді, бірақ ел аузында оның алуан түрлі атауы бар. Бұл шатқал Күршім ауылынан 120 шақырым жерде орналасқан, 300 гектар аумақты алып жатыр. Сазбалшықтың эрозиясы нәтижесінде мұнда әлем-жәлем ландшафт құрылған. Алыстан қарағанда, қызыл сазды жартастар мен Қиын-Керіштің жарқабағы дала өртінің жалаңдаған тіліне ұқсайды екен, сол себепті олар «Жалынды жартастар» деп те аталады. Қатпарлы көптүсті «құрылыстар» оның «Аруақтар қаласы» деген ел аузындағы тағы бір атауына арқау болатындай.

Қиын-Керіш құздарының жақыннан қарағандағы көрінісі таңғажайып қаланы елестетеді. Бұл қала туралы көптеген кереғар сыбыстар бар. Біреулер осы жерде кезінде адамдарды құрбандыққа шалған десе, кейбіреулер бұл жұмбақ орында Жерге қуатты ғарыштық энергия келіп тұрады деп санайды. Жергілікті тұрғындар келушілердің назарын диск тәрізді бұлттарға аудартады. Мұндай бұлттар тек Қиын-Керіштің үстіне ғана жиналады екен.

Палеонтолог ғалымдар «Аруақтар қаласын» тарихтан бұрыңғы заманның бірегей ескерткіші ретінде сипаттайды. Шатқалдың түрлі түсті сазбалшығы мезозойда қалыптасқан, ол кезде жер бетін динозавтрлар мекен ететін. Бұл температураның максимумы сәкес келетін фанерозойдың ең жылы дәуірі болатын.

Климаты өзгерісске ұшыраған келесі дәуір — палеоген шатқалдың топырағында ежелгі омыртқалылар фаунасының сүйек қалдықтарын қалдырды: мүйізтұмсықтар, қолтырауындар, тасбақалар, саламандралардың. Ол туралы Қиын-Керіштің шөгінділерінен ғалымдар тапқан субтропикалық өсімдіктердің іздерінен аңғаруға болады: пальма, араукария және магнолиялардың.

Көне флора мен фауна қалдықтарының көптігі және палеогеннің континентальді шөгінділерінің алуан түрлілігі бойынша Азия мен Еуропада Қиын-Керішпен тең келер ешбір естелік жоқ.