«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қазіргі жұмыс тәртібі қандай?

1562
көрілім

Өскемендегі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы аумағында өткен жиында сарбаздардың қандай тәртіппен жұмыс істеп жатқандары айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, әскерилер қазіргі уақытта жауынгерлік қызметті қос жүйелік үлгіге сүйеніп өтеуге көшкен. Жағдай бақылауға алынғанымен, әлі де алаңдайтын тұстар бар.
– Сол себепті Ұлттық ұлан сарбаздары берілген тапсырмаларды Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлім жауынгерлерімен, шекара қызметімен, тәртіп сақшыларымен бірлесе тәулік бойы үздіксіз орындауда. Әсіресе Өскемен мен Семей қалаларындағы орталық алаңдар толық бақылауға алынған, – деді  ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров.