2019 жылдан бастап ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасын іске асыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Шығыс-Адалдық алаңы» облыстық кеңсесі ғана емес, облыстың барлық қалалары мен аудандарында бөлінген жеке үй-жайлары және материалдық-техникалық базамен толық жарақталған өкілдіктері бар.
Жобалау кеңселерінің басшылары өңір, қалалар мен аудандар әкімінің штаттан тыс кеңесшісі мәртебесіне ие.
Жауапты тұлғалар сөзінше, «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңірдің барлық қалалық және аудандық әкімдіктері «Ашық әкімдік» форматындағы сервистік модельге көшкен. Бұл азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді.
- Бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қаржының жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту «Адалдық алаңы» қызметінің негізгі бағыттарының бірі. «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалар жобалары бекітілгенге дейін оларды жариялау жүргізіледі, осылайша адамдарға бюджет қаражатын жұмсау процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, - дейді департаменттегілер.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасы бойынша мемлекеттік билікке сенім деңгейін арттыру үшін күні бүгінге дейін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы іске асырылуда.
Интерактивті картада облыстың барлық мемлекеттік мекемелері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тіркелген.
Өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ, қауіпсіздік, жер қатынастары салаларында озық цифрлық технологияларды енгізуді көздейтін «DIGITAL EAST» тұжырымдамасы іске асырылуда.
Облыс бойынша 578 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, 800 мыңнан астам электрондық қызмет көрсетілді.
Ағымдағы жылы облыс бойынша халықтың цифрлық сауаттылық деңгейінің пайыздық көрсеткіші 82,5% - ды құрайды.
- ШҚО геопорталы ТМД аумағында Esri ArcGIS 26 жыл сайынғы конференциясында үздік ГАЖ веб-қосымшасы болып танылды. «Құрылыс бақылау» порталы базасында МСҚБ қадағалау функциялары автоматтандырылды. Сондай-ақ «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық
кеңсесі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлік емес бірінші қажеттіліктегі тауарларға, оның ішінде дәрілік және жеке қорғаныш құралдарына баға белгілеуге, әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйлердің, сумен жабдықтау желілерінің, жолдардың құрылысы мен жөндеу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері елді мекенге барып жүргізілген 337 мониторинг жүргізілген, - деді мамандар.
Жалпы, «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі тек мемлекеттік қызметшілер арасында ғана емес, бүкіл қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығына айналғанын атап өткен жөн.