Шығысқа қарай шығарылмақ

548
көрілім

Қазақстанда өндірілген көкөніс Қытайға қажет. Аспанасты елі өңіріміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға аз ақша бөліп жатқан жоқ. Енді ауылшаруашылығының жаңа жобасы Зайсан ауданында бастау алды.

26 қыркүйекте өткен инвест-форум барысында ШҚО әкімдігі мен "Синьсин" ауылшаруашылығы ғылыми-техникалық компаниясымен екі арада маусымдық емес көкөкністерді өсіретін сегізінші буындағы жылыжайлар салу жөнінде меморандум бектілді. Жоба бойынша онда жылына 379 мың көкөніс өндіру жоспарлануда. Қытайлықтар сондай-ақ сыйымдылығы үш мың тонналық көкөніс сақтайтын қойма салуды да көздеп отыр.

Облыс әкімі Даниал Ахметов әзірге қытайлық әріптестермен Бесқарағай ауданында жалпы сомасы 4 миллион АҚШ долларын құрайтын бірнеше жобаның іске асырылып жатқанын алға тартты. Зайсан қаласында әзірге кіші-гірім сыныптағы тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын шағын зауыт ашылды.

Ерлен ОСМАНОВ