Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында жерлесіміз Айшагүл Елеубаева ширек финалда қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кельцедегі сайыстың жағдайы келісіп тұрған жоқ. Қазақстандық спортшылар хақында емес, төрешілер әрекетінде. Айталық, 75 келіде дейінгі салмақта шаршы алаңға көтерілген Дана Дидай алдымен қарсыласына жол берді деп танылғанымен, кейін төрешілердің бұра тартқаны белгілі болды.
54 келіде ринге беттеген Айшагүл іріктеуден іркілмей өткенімен, ширек финалда сайыс қожайынына есе жіберді. Бірі айқын жеңіліс десе, кейбірі әділетсіздіктің лебі сезілгендігін жеткізді. Не дегенмен жерлесіміз жүлдеге бір қадам қалғанда сүрінді.