Глубокое ауданы Черемшанка ауылының тұрғынына найзағай түскені туралы ақпарат әлеуметтік желідегі cheremshanochka_vesti парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға 2-маусым күні Черемшанка ауылынан 5 шақырым жерде болған. 45 жас шамасындағы марқұмның бақташы болып жұмыс істегені мәлім болды. Атты әйелдің өзі мінген және жетегіндегі екі жылқы да сол жерде өлген.
Еске салайық, қайғылы оқиға болған күні облыстың бірқатар ауданында нөсер жауын мен бұршақ жауып, ал тіпті кей аумақтарға найзағай түскен. ШҚО бойынша 2-шілдеде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланып, құтқарушылар тұрғындарға үйде болуды ескерткен.
Әзірге, жазатайым оғиғаға қатысты мемлекеттік органдар ресми түсініктеме бермеді.