Шығысқазақстандық спортшылар бұл күндері батутта секіру бойынша Болгарияда өтіп жатқан Әлем чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған жарыс қараша айының 14-і күні басталған, 20-на дейін жалғасады. София қаласында жалауын көтерген жарыста жұптық сындағы Әлем чемпиондары Роман Барков пен Игорь Грачев бақ сынауда. Роман жеке батутта, ал Игорь қос шағын трамппен секіру бойынша жүлде алып көруге тырысады.
Осы сыннан кейін гимнастшыларымыз кезекті бәсекеде өз бақтарын сынайды. Қараша айының 20-27 аралығында дәл осы жерде кіші топтар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Роман Барков бұған да қатысады.
Кіші топтар арасындағы додада мына спортшылар өз мүмкіндіктерін байқайды:
Роман Барков – синхронды батутта секіру;
Виталия Смотрикова – акробатикалық трассада секіру;
Руслан Сатыға – жеке және синхронды батутта секіру;
Адал Манат – жеке батутта секіру.