Шығысқазақстандық палуандар Түркиядағы турнирге қатысады

513
көрілім
Фотосурет ainews.kz сайтынан

Ендігі кезек классиктерде. Жарияланған құрама ішінде 28 палуан бар. Түркиядағы «Яшар Догу» турниріне күрес спорты жетекші елдердің көбісі дерлік түрлі додаларға іріктеу ретінде ұзын-ырғасы 20-30 спортшыдан әкеледі деген мәлімет бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соңғы уақытта Азия елдерінің күрес деңгейі Еуропа мен теңіздің ары жағындағылардан сәл де болса көш ілгері іспетті. Токиодағы Олимпиада ойындары соның бір көрінісі. Бұл жолы әр салмақтың фавориттері тізімге енгендерімен жүлдегер атанған жаңа есімдердің шығатындығы жайлы да болжам бар. Кубалықтар жайлы әзірге мәлімет жоқ, ал 60 келіге дейінгі салмақта ресейлік Сергей Емелин, молдовалық Виктор Чобану, Сайлике Уалихан (Қытай) келеді деген ақпар түсті. Келемін десе Луис Орта Санчес (Куба), Кеничиро Фумита (Жапония), Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) те оңай шағылар жаңғақ емес. Оларға отандастарымыздан Дастан Зарлыханов, семейлік Ернұр Фидахметов, сондай-ақ қызылордалық Айдос Сұлтанғали қарсы тұрады. Ел құрамасы сапында шығысқазақстандық екі спортшы медаль алу үшін барын салмақ. Жалпы, Стамбулда өз мүмкіндігін байқайтын палуандар тізімі төмендегідей:
55 келі – Нұрзат Қабдырахимов, Амангелді Бекболатов, Марлан Мұқашев
60 келі – Ернұр Фидахметов (ШҚО), Дастан Зарлыханов, Айдос Сұлтанғали
67 келі – Сұлтан Әсетұлы, Данияр Қаленов, Мейіржан Шермағанбет
72 келі – Әлихан Көкенов, Азат Сыдықов, Аблайхан Амзеев
77 келі – Демеу Жадраев, Тамерлан Шадукаев, Мақсат Ережепов
82 келі – Диас Қаленов, Илимдор Сатаев, Рахмет Сапиев
87 келі – Нұрсұлтан Тұрсынов (ШҚО), Азамат Құстыбаев, Мирас Баршылықов
97 келі – Санжар Серікқан, Ислам Умаев
130 келі – Әлімхан Сыздықов, Антон Савенко
Айта кетейік, осыған дейін грек-рим күресінен ересектер құрамасын 1998 жылы Әлем чемпионы атанған Бахтияр Байсейітов баптаған еді. Жуырда оның орнына Серік Жұмашев тағайындалды.

Турнир ақпан айының 24-27 аралығында өтеді.