Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан құрлықтық додада Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды Buqara.kz. сайтының тілшісі.
Шпагамен семсерлесуден еліміздің ерлер командасы Азия чемпионы атанды. Олар жарыс финалында Олимпиада чемпионы саналатын Жапония құрамасын тізе бүктірді.
Сондай-ақ, турнир барысындағы нәтиже мынадай:
1/16 финал: Қазақстан - Катар 45:15;
1/4 финал: Қазақстан - Қырғызстан 45:32;
1/2 финал: Қазақстан - Гонконг 45:34
Ал тартысқа толы финалдық бәсекеде жігіттер азулы Жапония құрамасынан (45:34) басым түсті.
Семсер бойынша командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Аталған төрттік Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.