Шығысқазақстандық семсершілер Әлем кубогіне қатысады

438
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

2020 жылы семсершілер бақ сынайтын алғашқы аламандарға да санаулы күндер қалды. Осы орайда жуық арадағы ірі додаларда ел намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соңғы уақытта аталмыш спорт түрінен бапкерлік құрамның назары Шығыс топырағынан шыққан семсершілерге ауғаны рас. Себебі жерлестеріміз ел чемпионаттарын былай қойып, құрлықтық сайыстарда ел құрамасы қоржынын бос қалдырмай келеді. Вадим Шарлаимов пен Руслан Курбанов дүбірлі додаларда үнемі жүлде алмаса көп жағдайда үздік ондықтың қатарынан көрініп келеді. Айталық, өскемендік Руслан Курбанов өткен жылы Азия чемпионатында қола медаль иеленіп, құрлықтық сайыста бәсекеге қабілетті екендігін байқатса, Вадим Шарлаимов алдымен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарып, бапкерлер назарына іліккен. Белгілі болғандай, қос спортшы да қаңтардың 9-13 аралығында Германияда өтетін Әлем кубогі кезеңінде жүлде үшін талас жүргізбек. Жерлестерімізден бөлек, Дмитрий Алексанин, Елмир Әлімжанов, Дмитрий Адайкин және Ерлік Сертай жүлдемен қоса командаға қажет ұпайлар алуға барын салатын болады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ