Шығысқазақстандық боксшылар Болгарияда 73-ші мәрте өткелі тұрған «Странджа» халықаралық турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сатжанов бекіткен тізімде жастар сапынан келген былғары қолғап шеберлері де аз емес. Әдеттегідей, ел құрамасы толық құраммен жол тартады.
Тізім төмендегідей:
48 келі – Санжар Тәшкенбай, Даниял Сәбит
51 келі – Дамир Әбдіқадыр, Тимур Қабдешов
54 келі – Махмұт Сабырхан, Талғат Сырымбетов
57 келі – Оразбек Асылқұлов, Бейбарыс Жексен
60 келі – Әділет Құрметов (ШҚО), Василий Самчук
63,5 келі – Мұхаммедсабыр Базарбай, Абзал Серік
67 келі – Дулат Бекбауов, Дархан Дүйсебай
71 келі – Ермахан Жақпеков (ШҚО), Қуан Қуатов
75 келі – Нұрқанат Райыс, Диас Молжігітов
80 келі – Ерасыл Жақпеков (ШҚО), Жәнібек Қартбаев
86 келі – Сағындық Тоғамбай
92 келі – Абзал Құттыбеков
+92 келі – Аманат Сабырғали, Нұрлан Сапарбай
Халықаралық жарыс 18-23 ақпан аралығында өтпек.