Жуықта Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы журналистерінің арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жолдастық кездесу 16 қараша күні сағат 11:00-де Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Стаханов көшесі, 3а мекенжайында) болады. Онда Алматы облысының журналистерінен құралған «BAQ JETISU» командасы, Шығыс Қазақстан журналистерінен құралған «ШЫҒЫС АҚПАРАТ» командасы және Өскемен әкімдігінің «ALTAY CHAMPIONS» командалары қатысады.
Ұйымдастырушылар алқасы – Өскемен әкімдігі мен Шығыстың БАҚ өкілдері.
Осы орайда жетісулық команданың құрамымен таныстыра кетуді жөн санап отырмыз:
Есболат АЙДАБОСЫН – жазушы, «Жетісу» радиосының басшысы;
Ербол ІЛИЯС – «Жас Алаш» газетінің Алматы облысындағы тілшісі;
Қозыбай ҚҰРМАН – әдебиет сыншысы, журналист;
Әліби БЕКАЙДАР – дәстүрлі әнші, Республикалық байқаулардың жеңімпазы;
Мәулен ӘНЕРБАЙ – ақын, жас жазушы, «Жетісу» газетінің тілшісі;
Мұхтар КҮМІСБЕК – ақын, «Жетісу» газетінің тілшісі;
Айдар ҚАЛИЕВ – «Жетісу» газетінің тілшісі;
Аршын АЙДЫНБЕКҰЛЫ – «Жетісу» газетінің тілшісі;
Айдын НҰРШАНОВ – «Талдықорған» газетінің фотографы;
Медет ЖҰМАБАЙ – ақын, «Жетісу» телеарнасының журналисі;
Азамат НҰРМҰХАН – ақын;
Серік ҚАНТАЙ – «Жетісу» газетінің тілшісі.