Шығысқазақстандықтан 250-ге жуық электронды темекі тәркіленді

124
көрілім

Өскеменде электронды темекі мен сұйықтық сататын интернет-дүкен әлеуметтік желі арқылы тыйым салынған тауарды саудалаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

29 жастағы өскемендік тұрғынның гаражын тінту барысында тәртіп сақшылары 250-ге жық электронды темекінінің түрін  және 300-ге жуық темекі сұйықтығы бар бөтелкелерді, 118 буландырғышы бар бөтелкелер мен картридждерді тәркілеген.

Белгілі болғандай, ер адам қолданыстағы тыйым туралы білген, бірақ өнімді курьерлер арқылы сатуды жоспарлаған.

- Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Заңға сәйкес, Өскемен тұрғынына 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады, - деп хабарлайды өңір полиция депатраментінің баспасөз қызметі.