Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін оның түрі мен санатына қарай республикалық бюджеттен төлем жасау көзделеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төлем 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ақшалай есептесек 31 800-ден 318 000 мың теңгеге дейін құрайды.
- Екі айдың ішінде азаматтардан 110 өтініш келіп түсті, 149 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 26 ойық және 123 тегіс ұңғылы қару қабылданды. 370 дана ойық оқ-дәрі бар, бұл шамамен 9 846 753 теңге, - делінген мәліметте. - Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылады.
Бұдан бөлек, ШҚО ПД өкілдері жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар, оқ-дәрілермен ешқандай іс-қимыл жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы кез келген полиция бөлімшесіне. 102 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлауды сұрайды.
Айта кетейік, 2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында Үкімет қаулысына сәйкес халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акция сы өткізіледі.