Облыстағы автокөлік иелері жыл басынан бері мамандандырылған ХҚКО арқылы өз бетінше 4 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Олардың ішінде 3 мыңға жуық азамат көлік құралын қайта тіркесе, 1200-ден астамы жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырған. Ал, өткен жылы ШҚО тұрғындары egov.kz портал арқылы 1566 автокөлік қайта ресімделіп, 800 жүргізуші куәлігі алынды. Бұл дегеніміз ШҚО автокөлік иелері онлайн қызметтерді жиі ала бастағанын білдіреді.
Автокөлікті қайта тіркеу қызметі egov.kz электрондық порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн алу үшін сатушыға ЭЦҚ көмегімен порталда авторлану қажет, сатылатын автокөлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық қарыздарын тексеруге сұрау жіберу қажет. Олар болған жағдайда төлемді электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуге болады. Өтінімге ЭЦҚ-мен қол қойып, қызметті онлайн тапсыру қажет. Осыдан кейін Сатып алушы өтініммен электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде таныса алады, онда айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмірлік белгілер, техпаспорт және тіркеу алымы үшін мемлекеттік баж төлеуге көшуге болады. Сатып алушы мәмілені өзінің ЭЦҚ-мен растайды. Сатып алушыға тек мамандандырылған ХҚКО-ға нөмірлер мен техпаспорт үшін бару ғана қалады.
- Автокөлік иелері цифрландырудың барлық артықшылықтарын бағалап, мамандандырылған ХҚКО-қа қарағанда порталда қызметтерді жиі ала бастады. Қызметтерді онлайн алу-бұл өзіндік тренд. Бұл үрдісті қарапайым е-анықтамаларды қажет ететін азаматтар ғана емес, сонымен қатар автокөлік иелері де ұстанатыны бізді қуантады, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.
Естеріңізге сала кетейік, автокөлікті қайта тіркеу Kaspi.kz қосымшада да онлайн қолжетімді. Онлайн ресімдеу аяқталғаннан кейін құжаттарды және мемлекеттік нөмірлік белгіні «электрондық үкімет» порталындағы үйге жеткізуге тапсырыс беруге немесе құжатты мамандандырылған ХҚКО-тан өз бетінше алуға болады. Бүгінгі таңда мамандандырылған ХҚКО мамандары Kaspi.kz қосымшасы арқылы 2 мыңнан астам автокөлікті тіркеді.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Мөлдір Заруетқызы, «Азаматтарға арнлаған үкімет» МК ҚЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз хатшысы
8-701-580-49-21