Шығыста биыл қарақұрт қаптаған

140
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Қауіпті өрмекшіні тұрғындар Зайсандағы Шекелмес мүйісі аймағынан көріп, суретке түсіріп алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
 
"Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММУ ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің аға ғылыми қызметкері Глеб Болботовтың айтуынша, биыл өңірде улы қарақұрттың саны жылдағыдан көп болды. Әсіресе танымал Шекелмес мүйісінің аумағында көп тараған.
Улы өрмекшінің көбеюін мамандар ауа-райының жайлылығымен және қарқұртқа қорек болар ұшатын жәндіктердің көптігімен түсіндіреді.
Айта кету керек, егер сізді қарақұрт шағып алса, у тарап, зардабы тиюі мүмкін.
- Қарақұртты көре қалғандағы басты ереже: әр түрлі бағытта жүріңіз. Сабыр сақтап, мұқият әрі ақылмен әрекет етсеңіз ештеңе болмайды, - дейді Глеб Болботов.