Шығыс Қазақстанда бұрынғы аудан орталықтарын дамытудың пилоттық бағдарламасын іске асыру көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұған дейін, аудан орталықтары болып саналатын 13 ауылда жұмыссыздық болмай, тұрғындар қалаған істерімен айналысып, демалуға мүмкіндік алған еді. Тек аудандар біріктірілгеннен кейін олар мәртебесінен айырылып, біртіндеп жойыла бастады. Алайда, Қазақстанның мемлекеттік саясаты тәуелсіздік алған күннен бастап ауылдарды дамыту мен қолдау мақсатын алға қойды. Осыған байланысты қазір бұрынғы аудан орталықтарын жандандырып, олардың дамуына жаңа серпін беру кезегі келді, деп санайды атқарушы билік.
Осыған орай, жыл соңында Серебрянск қаласының тұрғындарына жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілмек. Спорттың әр түрімен айналысуға арналған жабық алаңдардан бөлек, футбол алаңы салынады. Ал, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша, Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының бұрынғы әкімшілік ғимараты мәдени орталық ретінде қайта жабдықталатын болады. Сараптама нысанның жақсы жағдайда екенін көрсетті. Күрделі жөндеу мен жабдықтаудан кейін мұнда музыка мектебі мен үйірмелер орналастырылып, арнайы концерт залы, шығармашылық пен қолданбалы өнерге арналған алаңдар ашылмақ. Кезекте тұрған көп балалы отбасылар, педагогтар мен медиктердің отбасылары үшін бұрынғы жатақхана ғимаратымен қатар, 60 пәтерлі тұрғын үй жөнделетін болады. Үйлер "Бір қабатты Шығыс"бағдарламасы бойынша салынуда.
Биылғы жылы бұрынғы аудан орталығы-Таврия ауылында Даму бағдарламасы бойынша орталық және қосалқы жолдардың барлығы асфальтталды. 16 желтоқсанда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталығы өз есігін айқара ашып, су құбыры желілерін қайта құру жүргізілуде. Қоныс тойын 14 көпбалалы отбасы атап өтеді. Ауыл үшін ең маңызды мәселе – жылумен қамтамасыз ету екені белгілі. Мәселе оң шешімін таппақ. Аймақ басшысы атап өткендей, аудандық аурухананың қазандық қуаттылығы артады. Ол мектепке, балабақшаға, ауылдық мәдениет үйіне жылу беруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта қосымша желілер салынатын болады.
Самар ауылында бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасы бойынша су құбыры желілерін қайта жаңарту, көшелерді орташа жөндеу жүргізілуде. Ең бастысы-ауылдың перзентханасы жаңа жабдықтармен жабдықталды. Енді болашақ аналарға жүздеген шақырым жол жүрудің қажетілігі туындамайды. Бөлімше дәрігерлері әлемнің үздік клиникаларынан тағылымдамадан өткенін атап өткен жөн.
Бағдарламаның маңызды тармақтарының бірі-жас мамандарды қолдау. Жастар ауылдан кетпеуі керек, деп есептейді өңір билігі. Ол үшін Самарада жергілікті колледждің жатақханасы жөнделеді. Ал жас мамандар тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болады.
Өскеменнен 45 шақырымда орналасқан Бозанбай ауылында бағдарламаға сәйкес, аурухана базасында оңалту орталығы ашылады. Қазірдің өзінде орталықты қажетті жабдықтармен жабдықтау бойынша жоба дайындалуда. Мұнда дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы да басталып кетті. Мәдениет үйі мен мектепті қаз-қалпында мұқият сақтаған ауыл тұрғындары жаңа инфрақұрылымдық жобалардың жас мамандар үшін табысты болатынына кәміл сенімді. Өйткені ауылда жаңа жұмыс орындары пайда болады.
Бүгінде Мақаншы ауылындағы аурухана да жөнделеді. Медициналық мекеме жақын маңдағы үш ауылдың тұрғындарына қызмет көрсететіндіктен, стационар мен қосымша кабинеттер ашу аса қажет. Жоба қазірдің өзінде мақұлданып, бағдарлама аясында ең заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталады. Жаңартылған аурухана ауысымы 125 келушіге, ал күндізгі стационар 13 төсек-орынға арналған. 36 пәтерлі екі үйге инженерлік коммуникациялар жүргізу бойынша ЖСҚ әзірлеуге де қаржы бөлінді. Мақаншы халқы жыл сайын қарқынды өсіп келеді. Жас мамандардың ауылда қалып, тындырымды жұмыс атқаруына көп көңіл бөлінуде. Оның айқын дәлелі, 140 орындық жаңа балабақшаның ашылуы орын тапшылығы мәселесін шешпек. Жаңа балабақша облыстағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ең үздік нысандарының біріне айналды.
Қайнар ауылында аурухананы күрделі жөндеу және толық қайта жабдықтау жүргізілуде. Бүгінде бұл ең шалғай аудандардың бірі болып отыр. Бұл ретте, республикалық маңызы бар "Семей-Қайнар"жолын жөндеу де шешімді мәселелер қатарында.
Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында спорт модулінің құрылысы басталып, ауылдық аурухана заманауи медициналық техникамен жабдықталатын болады. "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 30 тұрғын үйдің құрылысына қаржы бөлініп, балалар және спорт алаңдары орнатылады.
Бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасы бойынша ауыл туризмін дамытуға ерекше көңіл бөліп, ауылда туристік инфрақұрылым құратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған гранттар жүйесінің жобасы әзірленді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсетіледі. Айта кетейік, Катонқарағай кәсіпкерлерінің алғашқы жобасы сәтті басталды.
"Блокты-модульді станциялардың құрылысы, ауылдық елді мекендерге дейін автомобиль жолдарын жобалау және қайта жаңарту, жылумен және сумен жабдықтау мәселелері, әлеуметтік объектілер мен тұрғын үйлер құрылысы, жұмыспен қамту, спортты, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту - бұл бұрынғы аудан орталықтарын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаның бастамасы ғана", — деп атап өтті Даниал Ахметов.
Жұмыс істейтін жастардың тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, цифрлық өркениеттің барлық игіліктерінің қолжетімділігі – бұл қазіргі заманғы, дамып келе жатқан ауылдың бейнесі. Егер жастарға барлық жағдай жасалып, жұмыспен қамтамасыз етілсе, ауылдан кету азайып, керісінше жаңашыл аудандардың келбетін көтеріп, жұмысқа мол зейін қояды. Барлық жоспарлардың орындалуы үшін бұрынғы аудан орталықтарын қолдаудың мақсатты бағдарламасы жыл сайын жаңа жобалармен толықтырылатын болады. Бұл фермерлерге көмек көрсетіп, сондай-ақ мектептер, балабақшалар, медициналық пункттер және басқа да маңызды нысандар салу үшін қаражаттың бөлінуін қадағалау керек, деп түйіндеді облыс әкімдігі.