Туристік маңызы бар тасжолдардың бойында 13 санитарлық-гигиеналық пункт орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО әкімдігінің отырысында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев жаңа дәретханалардың орналасу картасы әзірленгенін атап өтті. Дегенмен, кейбір абаттандыру карталары көрсетілсе де, 13 дәретхананың нақты қайда орналасатыны анықталмаған.
- Сібе көлдері – өңірдегі маңызды туристік орындардың бірі. Енді көлге апарар жолда дәретханалар орнату мәселесі шешімін таппақ. Бір дәретхана Самар тасжолының 14 шақырымындағы Мамай батыр ауылында орналасады. Екіншісін облыс орталығынан 57 шақырымда орналасқан Алғабас ауылында орнату жоспарда бар, - деді ол.
Риддер тасжолындағы 40 шақырым жердегі Секисовка ауылының ауданы, Шемонаиха мен Риддерге жол айрығының бойында және Өскемен-Риддер автожолының 103 шақырымына екі дәретхана қойылады.