«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 19-21 тамыз аралығына ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазақстанның басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады. Таяу күндері еліміздің батыс, оңтүстік батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз теромометр бағаны 28-37 градусқа көтеріледі», — делінген хабарламада.
Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік шығыс бөлігінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел тұрып, бұршақ түсуі ықтимал. Түнде ауа температурасы 2-12, күндіз 20-32 градус жылы болады.
Оңтүстік өңірлерде желге байланысты ескерту жарияланды. Қызылорда облысында 19 тамыз күні солтүстік шығыс, солтүстіктен жел тұрып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ты құрайды.
18-20 тамыз күндері Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады.