Соғыста із-түзсіз жоғалғандарды іздеу бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

725
көрілім

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі өкілдері мәліметінше, бұл биыл қолға алынған бастама, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалар аталған бірлестік екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық сарбаздардың жерленген жерлерін белгілеу бойынша жұмыстар атқаратынын жеткізді. Сонымен қатар, бұл соғыста қаза болғандардың жадын мәңгілікке қалдыру бойынша жүйелі іздестіру, мұрағаттық-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз ұйым.
- Биылға қолға алынған жоба. Қазіргі уақытта өтінімдер түсіп жатыр, - деді аталған бірлестік өкілдері.
Өтінімдерді мына  телефондар бойынша беруге болады:
+7 771 287 21 11 
+7 776 828 45 35
+7 776 828 45 34
Іздеу ақысыз негізде жүзеге асырылады!
Инстаграм парақшасы: @ata.amanaty