Соңғы жылдары еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Пенитенциарлық жүйеде маңызды құқықтық және құрылымдық реформалар жүргізіліп, ұлттық заңнамалар жетілдірілген болатын.
Сотталғандар мен тергеліп жатқандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың алдын алу үшін пенитенциарлық мекемелерді жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. ОВ156/1 мекемесінде орнатылған терминалдар арқылы сотталғандар мен тергеліп жатқандар электронды дүкендерден тапсырыс жасап, тауарларды сатып алады.
Сотталғандар мен жақындарымен кездесулердің саны артып, онлайн арқылы оңтайландырылды. Ол өз кезегінде әлеуметтік бейімделуге көмектеседі. Қазіргі қылмыстық-атқару жүйесінің негізі міндеті – жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын қамтамасыз ету, сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оларды түзеу құралдарын анықтау. Олар жазасын өтеп шыққан соң елдің толыққанды азаматтары ретінде қоғамға араласып кетіп жатса, жұмыстың оң нәтижесі.