Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы 5 жылға сотталды

345
көрілім

Нұр-Сұлтан қаласында Су ресурстары комитетінің экс-басшысы Ислам Әбішев пен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Төкеевке қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Ислам Әбішев - 5 жылға, Серік Төкеев - 4 жылға бас бостандықтарынан айырылып, белгілі бір лауазымда қызмет істеуге тыйым салынды. Сондай-ақ олар қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазаларын өтейтін болады, - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев белгілі бір компанияға Солтүстік Қазақстан облысындағы «Соколов» су құбырын жөндеуден өткізуге, Қызылжар ауданына ауыз су тартуға тендер ұтып беріп, жасаған «көмегі» үшін Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Төкеев арқылы 60 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген болатын.