Су тасқынынан үй жануарларын қалай қорғауға болады?

832
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Мамандар ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің су тасқыны кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы жадынама ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Ақпаратқа сүйенсек, тұрғынның жануарлар мен құстарды ұстауға арналған үй-жайларына су басу қауіпі төнсе, оларды тасқыннан қорғау жөнінде алдын ала шаралар қабылдау қажет.
- Ол үшін:
Іргелес аумақты, су бұратын арықтарды, ғимараттардың шатырын қардан тазалаңыз;
Жоғары қабаттарға (шатырларға) азық-түлік апарыңыз.
5 күн бойы ауылшаруашылық жануарлары мен құстарды суару үшін жем мен судың резервтік қорын жасаңыз.
Жеке қосалқы шаруашылығыңызда жануарлар мен құстар болса, оларды қажетті мөлшерде жем-шөппен су тасқынынан қауіпсіз жерге орналастыру мүмкіндігін анықтаңыз.
Жеке пайдаланудағы жүзу құралдарын дайындаңыз.
Су баспайтын аумаққа өту көпірлерін орнату үшін қажетті материалды дайындаңыз.
Эвакуация туралы ақпарат алған жағдайда өзіңізбен бірге ауыл шаруашылығы жануарларының ветеринариялық паспорттарын, жануарларға қызмет көрсету кезінде қолданылатын жылы ыңғайлы арнайы киімдерді мен аяқ киімдерді алып келу, электр қуатын өшіру, жануарларды ұстауға арналған үй-жайлардағы терезелер мен есіктерді жабу қажет, - делінген мәліметте.
Су басқан кезде
Егер жануарлар орналасқан ғимарат (үй-жай) су астында қалса, жануарларды үй-жайлардан босатып, жақын маңдағы төбеге апаруға тырысыңыз, ал иттерді шешіңіз.
Егер мал мен құсты ұстауға арналған үй-жайлар ықтимал су басу аймағына түссе, алдын алу шараларын қолданыңыз (тығыздау құрылғысы). Су ағындарына уақытша тосқауыл қою үшін құм дорбалары мен бекітіу аспаптарының қорын жасаңыз. Суды көтерілу қалқып кететін жем-шөптерді алдын-ала үй-жайға (Сарайға) жинаңыз. Ашық су қоймаларынан жануарларды суаруға, келген (тасқын) сумен араласқан жемді беруге тыйым салынады.
Су тасқынынан кейінгі әрекеттер
Мал мен құсты ұстауға арналған қораға кірмес бұрын, едендер мен қабырғаларға айтарлықтай зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
Электр сымдарының, су құбырларының және кәріз құбырларының жарамдылығын тексеріңіз.
Барлық есіктер мен терезелерді ашып, бөлмені құрғатыңыз.
Ұңғымалардағы суды кірден тазартыпай тұрып пайдаланбаңыз.