Суицидке баратындардың көбі 11-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен бозбалалар - ШҚО Прокурорының орынбасары

340
көрілім

Жауапты тұлға өмірмен қоштасуға асыққандардың көбінің неше жасында осындай қадамға баратындығын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, өлімге әкелетін әрекеттерге аяқ басатындардың көбі қыздар. Яғни, соңғы ақпаратқа сәйкес суицидке барғандардың 105-і қыз болса, 41-і ұлдар.
- Бұлардың барлығы кәмелеттік жасқа толмағандар бойынша дерек. Ал өмірден озуға асығудың негізгі себептері - дәрілік препараттарды тұтыну, кесетін, сұғатын заттармен дене жарақаттарын салу, асылу, биіктен секіру, тағамдардан улану және тағы басқалары. Осындай әрекет салдарынан ажал құшқандардың көбі 11-17 жас аралығындағылар, - деді Азамат Тлешев.