Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты бағыты – оның алдын алу

829
көрілім

Механикаландырылған бригадада Өскемен гарнизонының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін ұйымдастыру жөніндегі  комиссиясының кезекті жалпы отырысы өтті.
Отырыс барысында жеке құрамға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдардың, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі баптарының талаптары жеткізілді. Сонымен қатар, «Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны» кезінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу тақырыбына кеңінен тоқталды.
Жалпы отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру жөніндегі  комиссияның төрағасы подполковник Аслан Кітапбаев әскери бөлім командирлері мен мекеме бастықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстары жөніндегі баяндамаларын тыңдады.
Комиссия төрағасы Қарулы Күштер қатарын толықтыратын күзгі әскерге шақырушылардың сапалы жасақталу мәселесіне баса назар аудару мен келушілер тарапынан пара ұсыну фактілері болған жағдайда, құқық бұзушылыққа бей-жай қарамай жедел түрде басшылыққа және құзырлы органдарға хабарлау керектігін ескертті.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі