Сынақтан өтуде

380
көрілім
Виктор Абакумов

Өскеменде электробус жүруі мүмкін. Экологиялық тұрғыда таза көлік қазіргі уақытта 30 күндік тестілеуден өтуде.

Егер сынақ қорытындысы оның жайлы әрі үнемді екенін көрсетсе, Өскемен жаңа заман көлігі қатынайтын Қазақстандағы төртінші қала болады. Қазақстандық ғалымдардың қытайлық мамандармен бірлесіп жасаған «Quazar» жоғары технологиялық электробустары, ең бірінші, экологиялық мәселені шешуге бағытталған. Фирма өкілдерінің айтуынша, олар дизельмен жүретін қарапайым автобустармен салыстырғанда бірнеше есе үнемді. Егер бүгінгі автобустар күніне 250 шақырымға 125 литр жанармай жұмсаса, электробустар бір ауысымда 189 кВт энергия жұмсайды.

– Мұндай көліктерді әлі сатып алған жоқпыз. Өңір жолдарында өзін қалай көрсетеді, мүмкіндігі қандай, осыны нақтылау үшін №44 бағыттағы автобустың бағдарына жібердік, - дейді облыс әкімі.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ