Сырт келбеті сай болсын

432
көрілім

Облыс орталығында сыйықсыз 20 шақты дүңгіршек анықталған. Мұндай павильондар қыркүйек айының соңына дейін толық әкетілмек.

Уәде еткендей, қала басшылығы облыс орталығындағы сауда дүңгіршектеріне тексеру жүргізуді бастады. 18 қыркүйек күні Қазақстан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы павильонның иесі табылмаған соң бұзып әкетілді.

- Облыс орталығында алдынала алынған мәліметтер бойынша 200-дей дүңгіршек бар деп есептелінеді. Соның 21-нің қожайыны анықталмады,- деп түсіндіреді жағдайды қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Руслан Амирбаев. - Қолданыста жоқ дүңгіршектерді біз жуық арада бұзып әкетеміз, ал қала көркіне нұқсан келтіріп тұрған сауда нүктелерінің иелеріне қыркүйек айының соңына дейін уақыт береміз.

Айтылған сыннан қорытынды шығармаған кәсіпкерлерге айыппұл салынып, нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы іс сотқа жөнелтілетін болады.

Өз тілшіміз