Табыс 162 млн теңгеге азайды. Самар ауданындағы кен байыту кәсіпорны өнімінің мөлшері неге төмендеді?

186
көрілім

Аудан әкімдігінің өкілдері мұның себебін жұмыс мауысымының өзгеріп тұруымен байланыстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамеджанов жуықта Өскеменде өткен жиында әр салаға тоқталған болатын. Әйтсе де баяндамасымен таныстыру кезінде бірден Қойтас ауылының іргесінде кен қазып жатқан Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорнын сөз етті. Естеріңізде болса, жергілікті жұрт елдімекен бүгінде келбетінен айырылғанын айтып, сол туралы мақала әзірлеген едік. Округ басшысының іске келгенде кегежесі кейін тартып, өзгеріс енгізуге тырыспай жатқанын неше қайтара айтқан-тұғын. Әлі де сол мәселені көтеріп келеді. Мұрат Мұхамеджановтың сөзінше, қазір кәсіпорындағы өндірістік өнім мөлшері төмендеп кетті. Нақты айтсақ, былтырмен салыстырғанда 162 млн теңгеге табыс азайды. Мұның себебі сол, барлығы жұмыс маусымына келіп тіреліп тұр.