«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының құрылыс барысы Мемлекет басшысының ерекше назарында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол елдің үш өңірін: Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады.
Құрылыс жұмыстарының барысын Көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын жолға толығымен асфальт төселді. Мамандар 40 көпір мен 6 өткел құрылысын аяқтады. Бірқатар учаске биыл жазда пайдалануға беріледі. Жоба аясында Қойлық, Балапан, Шынқожа елдімекендері мен Аягөз қаласының айналма жолдары салынды.
Жолдың 16 учаскесінде мыңға жуық маман мен 600 арнайы техника жұмылдырылған. Үшарал қаласының маңындағы көлік айрығындағы құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.
Жалпы нысанды толық аяқтап, халық игілігіне тапсыру 2024 жылдың соңына жоспарланған.