Танысының атына жарты миллион теңге несие ресімдеткен семейлік қарызын төлеуден қашып жүрген

539
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының ортасында Семей қалалық полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына несие төлеуден жалтару фактісі тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, 19 жастағы жергілікті тұрғын 20 жастағы танысына микрокредиттік ұйымнан 500 000 теңге несие алып берген. Несие ресімдеу кезінде танысы қарызды өзі жауып отыратындығына сендіріпті.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсіріп, жауап алу барысында ол кінәсін мойындаған. Оған қатысты келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған баптың санкциясы бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.