Ресми ақпаратқа сүйенсек, Тарбағатай ауданының денсаулық сақтау саласына 2022 жылы 2 жобаға 97,1 млн. теңге бөлінсе, 2023 жылы сома едәуір көбейген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтың ақпаратынша, өткен жылы ұлттық жоба аясында және басқа да бағдарламалар шеңберінде 1 787,6  млрд. теңге қаражатқа 11 жоба жүзеге асырылды.
- Ал биыл денсаулық сақтау саласында 1 млрд 043 млн 900 мың тг қаражатқа негізгі 4 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде, аудандық ауруханаға 453,9 млн теңгеге компьютерлік томография (КТА) аппаратын орнату жоспарлануда, - деді Дархан Шомпайұлы.
tarbahatay_audandyk_auruhanasyna_kompyut
        63
                 
                            
 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                        
 
                             
                             
                                 
                                     
                                     