Тарбағатай ауданында ашуланған келін енесін ұрып тастады

1591
көрілім

Тарбағатай ауданында ене мен келін арасында дау шығып, ашуға булыққан әйел адам енесін ұрып тастаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тарбағатай ауданы, Екпін ауылында ерегеске түскен ене мен келіннің жанжалы құр сөзбен шешілмеді. Әйел адам енесіне қол жұмсап, жеңіл дене жарақаттарын келтірген.

Осыған байланысты аудандық сотта қаралған сот ісінде айыпталушы мен жәбірленушінің медиация арқылы келісімге келуіне байланысты, ашуын ұстай алмай қалған келін жауапқа тартылған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді.